Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  • Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора
    ҚОЛ КҮРЕСТЕН МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН …

    ҚОЛ КҮРЕСТЕН МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕЛОРДА ҚҰРАМА СПОРТШЫЛАРЫ 2 – АЛТЫН, 1 – КҮМІС, 5 ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ.

    Тараз қаласында қол күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. 350 – ге жуық тірек – қимыл аппараты зақымдалған, есту мүшесі зақымадлған спортшылар өз – ара сынға түсті.

     

    Спорттық доданың нәтижесі бойынша :

    🥇Балтабаев Нұрлан (70 VI), Камзаев Ержан (+100 HI)

    – 1 орын;

    🥈Шайхина Нүргүл (60 HI) – 2 орын;

    🥉Кабулов Асхат(80 PIU), Ескенов Ержан (55 CPD), Аушамов Серікбай( 75 PID), Кожемякин Руслан (+100 VI), Мухаммед Зайырахмет (+100 VI) – 3 орын;

     

    “Аталмыш дода қол күрестен әлем чемпионаты мен азия чемпионатына іріктеу кезеңі болып есептеледі. Айтп кетейін, азия чемпионаты – Иран, ал әлем чемпионаты – Молдова елінде өтеді. Қазрігі таңда жоспарланған жарыстарға дайындықты бастайтын боламыз” – деді жаттықтырушы Заир Ахмедов.