Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  • Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора
    Басқарма туралы

    Спорттық мектеп 15.01.2019 жылы қаулыға сәйкес 2019 жылғы 15 қаңтарда құрылды. Мекеме 4 бағыт бойынша жұмыс жасайды:
    – Тірек – қимыл аппарты зақымдалған спортшылар;
    – Есту мүшесі зақымдалған спортшылар;
    – Көру қабілеті зақымдалған спортшылар;
    – Интеллектуалдық мүмкіндіктері шектеулі;
    Қазіргі уақытта мектепте 17 спорт түрі бар: арбамен билеу, волейболды отырып ойнау, грек-рим күресі, еркін күрес, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, жүзу, пауэрлифтинг, үстел теннисі, футбол, таеквандо, дзюдо, паракаратэ, оқ ату және армрестлинг.
    Мектептің жаттықтырушылар құрамы 2024 жылы 33 жаттықтырушыны, ал контингент 424 спортшыны құрайды:
    5- ҚР еңбек сіңірген спортшысы;
    18 – ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері;
    34 – ҚР Спорт шебері;
    85 – ҚР спорт шеберіне үміткер,
    115 спорттық разрядты спортшылар бар.
    Мектеп спортшылары күнтізбелік жоспарға сәйкес Республикалық және Халықаралық спорттық іс-шараларға қатысады. Еліміздің егемендік алған жылдарынан бастап мүмкіндігі шектеулі спортшылар Республикалық және Халықаралық ареналарда жоғары нәтижелер көрсетіп келе жатыр.
    Мектепте спорттық дәрігер, массаж жасаушы, сурдоаудармашы, әдіскерлер, психолог бар. Сондай-ақ мектеп балансында спортшыларды жаттығу сабақтарына және спорттық іс-шараларға тасымалдауға арналған үш арнайы машина бар.
    Мектептің мақсаты:
    • оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту;
    • оқушылардың белгілі бір спорт түріне қабілетін анықтау;
    • оқушыларды спорт түрлеріне оқыту және моральдық-ерік қасиеттерін тәрбиелеу.
    • Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін спорт мектептері:
    жыл бойы тұрақты сабақтар өткізу үшін жағдайлар жасайды;
    қабілетті оқушыларды болашақта спорт түрлері бойынша мамандыру үшін іріктеу жүйесін ұйымдастырады;
    жүйелі тәрбиелік жұмыстарды, соның ішінде оқушылардың спорттық этиканы сақтау дағдыларын, ұйымшылдығын дамытуды ұйымдастырады;
    алдыңғы қатарлы спортық технологияларды пайдаланып, соның ішінде оқу-жаттығу процесін ұйымдастырады;
    спорттық жарыстарды жүйелі өткізеді және оқушылардың спорттық жарыстарға белсенді қатысуын қамтамасыз етеді;
    оқушылардың қажетті теориялық білімді және тәжірибиелік дағдыларды игеруін қамтамасыз етеді.