20 тамыз – 1 қыркүйек аралығында зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында «Virtus Swimming World Championships» атты жүзуден әлем чемпионаты өтті. Чемпионат Таиланд астанасы Бангкок қаласында ұйымдастырылды. Дүбірлі додаға 31 елден 300-ге жуық спортшы қатысты. 🔹Қазақстан атынан сынға түскен Валерий Югай 200 метрге кешенді жүзуде қола жүлдеге ие болды. 🔹Жаттықтырушы Ернұр Сайлаубектің айтуынша, бұл чемпионат – Қазақстан үшін зияткерлік даму ерекшелігі бар спортшылар арасындағы алғашқы әлемдік дода. «Алғашқы қатысуымызға қарамастан, нәтижемізді өте лайықты деп бағалаймын. Жас спортшыларымыз жеңіске деген зор жігер танытып, ел намысын әлемдік аренада жоғары деңгейде қорғады», – деді ол.
Спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз!