Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  •  Версия сайта для слабовидящих
    Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора

    ЕЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫ АҚМАРАЛ НАУАТБЕК ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

    Ақмарал Науатбек — XVII жазғы Паралимпия ойындарының жеңімпазы. Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының жеңімпазы атанды. Жартылай финалда Түркиялық қарсыласы Джахиде Екені иппонмен жеңіп, финалға жолдама алды. Финалда ол Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

    ЕЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫ ЕРҒАЛИ ШАМЕЙ ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

    Ерғали Шамей — Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Ерғали Шамей, J1 классында 73 кг дейінгі салмақта өнер көрсетіп, пара дзюдодан Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды. Алғашқы айналымда Ерғали француздық Арминдо Родригесті жеңді. Жартылай финалда Германиядан келген қарсыласын иппонмен жеңіп, финалға шықты.. Финалда Ерғали румыниялық спортшы Флорин-Александру Бологамен белдесіп, иппонмен есе жіберді. Осылайша Ерғали Шамей Паралимпиада ойындарын күміс медальмен аяқтады.

    «Нашақорлық, лудоманияны алдын-алу жолдары. Терроризм және экстремизммен күрес» тақырыбында оқу- әдістемелік бөлімінде жиын өтті

    Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Нашақорлық, лудоманияны алдын-алу жолдары. Терроризм және экстремизммен күрес» тақырыбында оқу- әдістемелік бөлімі жиын өткізді. Жиын барысында бөлім қызметкерлері тақырып бойынша маңызды ақпараттармен алмасты. Сондай-ақ есірткіге, лудоманияға, терроризмге және экстремизмге қарсы ақпарат қөздерінен алынған маңызы бар суреттер көрсетілді. Семинар соңында бөлім қызметкерлері біршама сұрақтарына жауап алды.

    Кредиты онлайн Кредиты пенсионерам до 75 лет в Aktobe, Южная Африка

    Он-лайн кредит помогает всем им быстро увидеть большую сумму дохода и начинает управлять деньгами женщины в любом месте. Они могут использоваться для ряда рабочих мест, таких как предоставление специализированных медицинских расходов, покупка рейса или поиск улучшений дома. Continue reading «Кредиты онлайн Кредиты пенсионерам до 75 лет в Aktobe, Южная Африка»

    ЕЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫ СЕВДА АЛИЕВА ПАРИЖ — 2024 ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ.

    Cевда Алиева 10 м дистанциясы бойынша Р2 пневматикалық тапаншадада SH1 класында өнер көрсетеді. Севда Алиева пара оқ атудан халықаралық жарыстарға қатысып, әлемдік аренада өз мүмкіндіктерін дәлелдеді. Оның соңғы жеңістері оны Паралимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік берді.

    ЕЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫ ШАХМАТТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ.

    Жарыста 1-ші орынды польшалық Павел Пиекелени тізгіндесе, 3-ші орынға сербиялық спортшы Драган Молдаванович ие болды.

    Әлем чемпионатында 30 елден 128 cпортшы өнер көрсетуде. Қазақстан тарапынан 17 спортшы қатысып жатыр. Жарыс 6-шы шілдеге дейін жалғасады.

    СУРДО ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ.

    22 маусым мен 1 шілде аралығында Өскемен қаласында сурдо футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

    Жарысқа Қонаев, Өскемен, Астана, Алматы, Шымкент, Жетісу облысының құрама командалары қатысты.

    Жарыс нәтижесі бойынша Елорда құрамасы 3 орынды иеленді.

    ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ПАРА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ.

    26 маусым мен 1 шілде аралығында Щучинскте тірек — қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында пара үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Еліміздің 19 өңірінен 180 — ге жуық пара спортшы жеке, жұптық, аралас жұптық ойын түрлері бойынша сынға түсті. Елорда құрама командасы 9 алтын, 6 күміс, 1 қола медаль еншілеп, жалпы командалық 2 орынды иеленді.

    ПАРА ПАУЭРЛИФТИНГТЕН АСТАНА КУБОГЫ САРАПҚА САЛЫНУДА

    Отандық пара спорттың арасында ең мықты жетістігімен танымал пара пауэрлифтингтен Астана қаласының кубогы басталды.

    Осы орайда елорда төрінде пара пауэрлифтингті одан әрі кеңінен дамыту мақсатында тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында бірінші рет Астана қаласының кубогы өткізіліп жатыр.

    «Пара пауэрлифтингтен жарыстар Республикамызда тұрақты түрде ұйымдастырылады. Ал кубоктық бәсекелердің өткізіліп жатқанына көп болмады. Біріншісі Қарағандыда, артынша Павлодар мен Алматыда өтті. Енді Астана қаласында да бастауын алды. Осы турнир арқылы қаладағы үздіктер сұрыпталып, ірі халықаралық жарыстарға баратын спортшылар анықталады. Пара пауэрлифтингті құлағымызбен естіп жүргенімізбен, шынайы өмірде дамыту үшін тоқтап қалмауымыз қажет» — деді, жарыстың ұйымдастырушысы Гүльнара Ахмолдина.

    Бұл додаға Астана қаласынан бөлек, Екібастұздан жалпы 26 пара спортшы бас қосты.

    «2016 жылдан бері осы спорт түрімен кәсіби түрде айналасып жүрмін. 8 жыл ішінде Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атағына қол жеткіздім. Алдағы аптада Тараз қаласында Республикалық бәсекеде бақ сынайтын боламыз. Бүгінгі турнир соның алдындағы дайындығымызды пысықтау деуге болады. Әрине, осы деңгейлі турнирлердің көптеп өтуі спортшылардың жарыс атмосферасын сезінуге, физикалық дайындықты арттыруға септігін тигізеді», — деді Сүйіндік Темірбеуұлы атты жарыс қатысушысы.

    Айта кетейік, дәл осы пара спорт түрінен 2023 жылы жазғы Азия Пара ойындарында жерлестеріміз 1 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде иеленген болатын.

    ПАРА ЖҮЗУДЕН ЖАСТАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ.

    17 – 24 маусым аралығында Тараз қаласында пара жүзуден жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 13 өңірінен 100 – ге жуық пара спортшы сынға түсті. Жастар мен жасөспірімдер арасында пара жузуден Қазақстан Республикасының чемпионатында Елорда құрамасы 17 алтын, 9 күміс, 5 қола медаль еншіленіп, жалпы командалық 2 орынды иеленді. Сондай — ақ, 4*50 кешенді жүзу эстафетасы бойынша 3 орын, 4 * 50 еркін стильде жүзу эстафетасы бойынша 2 орын алды.( Наметуллаев Ерсұлтан, Калиева Аделя, Мырза Абдурахим, Нұртай Қуаныш)

    Пара жүзуден жаттықтырушы Бахытжан Жұмабаев:

    « Ел біріншілігі Астана құрама командасы үшін сәтті өтті. Наметуллаев Ерсұлтан, Тұрғанбеков Али, Мырза Абдурахим, Калиева Аделя жастар құрама команда қатарынa еніп, 2025 жылы Ташкент қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алды. Бұл жеңіс – еңбекпен келді. Қатарға жаңадан қосылған спортшылар үшін аталмыш жарыс – жаңа серпіліс берді деп ойлаймын. Біз бұл нәтижемен шектелмейміз, бұл – тек бастамасы» деді.