Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  •  Версия сайта для слабовидящих
    Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора

    ӘЛЕМ КУБОГЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ОЖЖ

    20 ақпан — 8 наурыз аралығында Алматы қаласында ҚР ұлттық құрамасы сапында Нұрдаулетов Асылан және Арыстанбеков Бауыржан оқу-жаттығу жиынына қатысуда. Бұл оқу-жаттығу жиыны Грузияның Тбилиси қаласында өтетін Әлем кубогына дайындықтың I кезеңі болып табылады. Спортшыларымыз арнайы сүйемелдеушілерімен бірге жаттығуда.

    ПАРАВЕЛОСПОРТТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ

    3-14 ақпан аралығында Әл-Қассим  қаласында паравелоспорттан Азия чемпионаты өтті.
    H2 санатындағы жеке жарыс қорытындысы бойынша:
    Картбай Берік— күміс жүлде иегері атанды.
    Бұл — Қазақстан тарихындағы H санатындағы (handcycle) алғашқы Азия чемпионатының жүлдесі!
    Спортшымыз жоғары шеберлік пен мықты ерік-жігер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады.

    ПАРА ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ

    2026 жылғы 2–11 ақпан аралығында Астана қаласындағы Паралимпиадалық жаттығу орталығында пара қол күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиыны өтті. Жиын барысында спортшылар техникалық және тактикалық дайындықтарын жетілдіріп, алдағы ел біріншілігіне тыңғылықты әзірленді.

    ӘЛЕМ КУБОГЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ БІРЛЕСКЕН ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ

    2026 жылғы 5–20 ақпан аралығында Ташкент қаласында тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында пара каноэден Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасымен бірлескен Әлем кубогы қарсаңындағы оқу-жаттығу жиыны өтуде.

    Аталған жиынға Армия Мейржан белсенді түрде қатысып, дайындық жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Спортшымыз алдағы халықаралық додада жоғары нәтиже көрсетуге ниетті.

    ♟️ ҚР ЧЕМПИОНАТЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ

    2026 жылғы 3–12 ақпан аралығында тірек-қимыл аппараты мен көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында шахматтан Паралимпиадалық жаттығу орталығында ҚР чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиыны өтуде.

    Жиын барысында спортшылар алдағы ел чемпионатына тыңғылықты дайындалып, шеберліктерін шыңдауда.

    АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ

    2026 жылғы 19 қаңтар мен 3 ақпан аралығында Алания қаласында пара велоспорттан Азия чемпионаты қарсаңындағы оқу-жаттығу жиыны өтуде.
    Аталған жиынға спорт клубымыздың атынан Марденов Ринат қатысуда.
    Спортшымыз алдағы құрлықтық додада жоғары нәтиже көрсетуге ниетті және дайындық жұмыстарын қарқынды түрде жүргізуде.
    Ринатқа сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!

     

    🏆 2026 JAPAN NATIONAL PARA POWERLIFTING CHAMPIONSHIPS

    2026 жылғы 14–19 қаңтар аралығында Токио қаласында пара пауэрлифтингтен 2026 JAPAN NATIONAL PARA POWERLIFTING CHAMPIONSHIPS халықаралық жарысы өтті.

    Дүбірлі додаға 6 командадан 118 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

    🥇 Байлин Қанат 107 кг салмақ дәрежесінде І орынды иеленді.
    🥉 Шибишев Сюндик 97 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынға қол жеткізді.

    Спортшыларымызды жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз

    «ЕЛОРДА» СПОРТ КЛУБЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ҚОРЫТЫНДЫ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ! 🏆🥳

    Бүгін Астана қаласы әкімдігінің мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы 2025 жылды қорытындылап, спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымызды марапаттау рәсімі өтті.

    Биыл елордалық спортшылар пара спорт және сурдо спорт тарихында айрықша із қалдырды. Жыл қорытындысы бойынша спорт клуб жалпы саны 600-ге жуық медаль иеленіп, соның ішінде 500-і республикалық және 100-ге жуығы халықаралық жарыстардан топ жарып, маңдай тер мен табанды еңбектің нақты нәтижесін көрсетті.

    2025 жылы спортшыларымыз халықаралық ареналарда да өз шеберліктерін паш етіп, көк Туымызды биікке көтере білді. Әсіресе Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің жетістігі — баршамыз үшін үлкен мақтаныш. Сонымен қатар, Біріккен Араб Әмірлігінде өткен жасөспірімдер арасындағы V Пара Азия ойындарында да спортшыларымыз жоғары нәтиже көрсетіп, еліміздің намысын абыроймен қорғады.

    Осы жылғы ең үлкен жетістіктердің бірі — төрт жылда бір өтетін VII Республикалық Пара Спартакиадада Астана қаласының спортшылары жалпы командалық есепте 1-орын иеленіп, қарсыластарынан оқ бойы озып шықты.

    Бұл жетістіктер Астана қаласында пара және сурдо спорттың жүйелі түрде дамып келе жатқанын және командалардың бәсекеге қабілеттілігінің артқанын көрсетеді. Осы нәтижелердің дәлелі ретінде «Елорда» спорт клубы 2025 жылы Астана қаласы бойынша «Жылдың үздік спорттық ұйымы» номинациясының жеңімпазы атанды.

    Осы жолда аянбай еңбек еткен жаттықтырушыларға, мамандарға, ата-аналарға және барлық қолдаушыларға алғыс білдіреміз.

    «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» демекші, алда 2026 жылы күз айында Жапония мемлекеті Нагоя қаласында ересектер арасында Пара Азия ойындары, сурдо спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының IV Спартакиадасы, сондай-ақ Азия–Тынық мұхит чемпионаттары күтіп тұр.
    Біз сенеміз: қайсар рухты, жігері жалындаған спортшыларымыз бұл жолы да жаңа биіктерді бағындырып, ел мерейін асқақтатады.

    Баршаңызға зор денсаулық, жаңа жеңістер мен толағай табыс тілейміз!

    Continue reading ««ЕЛОРДА» СПОРТ КЛУБЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ҚОРЫТЫНДЫ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ! 🏆🥳»

    NAMYS СПОРТ СЫЙЛЫҒЫ: АСТАНАНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ 🏆

    Бейбітшілік және келісім сарайында өткен салтанатты іс-шарада 2025 жылғы спорт саласындағы негізгі бағыттарды қамтитын 14 номинация бойынша Namys спорт сыйлығы табысталды.
    Шараның құрметті қонақтары ретінде Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев, ҚР туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірхан қатысты.
    Елорданың үздік спортшылары әртүрлі номинациялар бойынша марапатталды. Соның ішінде «Елорда» спорт клубы бірнеше номинация бойынша жеңімпаз атанды!
    2025 жыл – «Елорда» спорт клубы үшін биік белестер мен жарқын жетістіктерге толы жыл болды. Осы кезеңде спорт клубымыз еліміздің параспорт картасында өз орнын айқындап, беделін нығайтты. Сол жетістіктің дәлелі ретінде клубымыз «Жылдың үздік спорттық ұйымы» номинациясының жеңімпазы атанды!
    Бұл номинацияның артында «Елорда» спорт клубының тұрақты дамуына үлес қосып келе жатқан спортшыларымыз, ата-аналарымыз, жаттықтырушыларымыз, жүргізушілер бен әріптестеріміздің қажырлы еңбегі мен жүйелі командалық жұмыстын арқасында деп санаймыз.
    Сонымен қатар, ағымдағы жылы клуб республикалық және халықаралық жарыстарда 587 медаль еншіледі. Сондай-ақ, ҚР VII Пара Спартакиадасында 17 спорт түрінен жалпы командалық есепте жеңімпаз атандық!
    Үздік спортшыларымыз да жеке номинациялармен марапатталды:
    «Жыл серпіні» – Әли Тұрғанбеков
    Желтоқсан айында Біріккен Араб Әмірлігінде өткен жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындарында пара жүзуден сынға түсіп, 1 алтын, 3 күміс медаль иеленді.
    «Үздік параспортшы» – Никита Ермаков
    Ол қыркүйек айында пара қол күрестен өткен әлем чемпионатында топ жарды. Сондай-ақ пара оқ ату бойынша қазан айында Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Әлем кубогында қола медаль иеленді.
    «Паралимпиадалық спорттың үздік жаттықтырушысы» – Михаил Бурчалин
    Ол параспортшылар Никита Ермаков пен Париж Паралимпиадасының қатысушысы Севда Алиеваны дайындайды. Пара оқ ату спорт түрінен Астана қаласының қарқынды дамуына үлес қосып келеді.
    Құрметті спортшылар, әріптестер! Сіздерді жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – тек бастама, алдағы уақытта бұдан да биік марапаттар мен жеңістер сіздерді күтеді. Осындай жетістіктер – біздің ортақ жеңісіміз! Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасына, спортшыларымыздың, жаттықтырушыларымыздың және мамандардың жұмыстарын бағалағанына алғысымыз шексіз.

    ӘЛЕМДІК ГРАН-ПРИ: НҰРДАУЛЕТОВ АСЫЛАН – ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР!

    13–17 желтоқсан аралығында Бразилияның Сан-Паулу қаласында пара дзюдодан әлемдік Гран-при жарысы өтті. Дүбірлі додаға 9 елден 90-ға жуық спортшы қатысты. Қазақстан құрамасының сапында елорда намысын қорғаған Нұрдаулетов Асылан J1 -70 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.
    Құттықтаймыз!