[bvi]

«Заң мен тәртіп» тақырыбы аясында Астана қаласының сурдо таеквондо спортшыларының қатысуымен кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – спортшылар арасында заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Кездесу барысында қатысушыларға құқықтық тәртіптің маңызы түсіндіріліп, күнделікті өмірде заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу жөнінде ақпарат берілді.
Сонымен қатар, спортшылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандармен пікір алмасты.

Осындай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, заңға құрметпен қарауға және жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді.