Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  • [bvi]
    Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    [bvi]
    Экран диктора
    Азия чемпионатында топ жарған елордалық параспортшыларға құрмет көрсетілді

    Спорт күні қарсаңында елордада өтіп жатқан Спорт апталығы аясында Астана қаласының Дене
    шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит паракаратэден WKF
    нұсқасы бойынша V Азия чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткен елордалық параспортшылар және
    олардың жаттықтырушыларымен кездесті.

    Василий Левит параспортшылармен кездесуі

    Паракаратэ, Азия чемпиондарымен кездесу

    Кездесу барысы

    Параспортшыларды құттықтау

    Елордалық параспортшылармен кездесу

    Спорт апталығы аясындағы кездесу

    Паракаратэ жаттықтырушыларымен кездесу

    Кездесуге қатысқан спортшылар

    Параспортты дамыту туралы кездесу

    Кездесу барысында басқарма басшысы спортшылар мен бапкерлерді құрлықтық додадағы жетістіктерімен
    құттықтап, олардың елорда параспортының дамуына және Қазақстан ұлттық құрамасының тарихи
    нәтижесіне қосқан үлесін ерекше атап өтті.

    Еске сала кетейік, Азия чемпионаты 16–21 маусым аралығында Индонезияда өтіп, жеті елден 50-ге
    жуық спортшының басын қосты.

    Байрақты бәсекеде Астана намысын бес спортшы қорғап, барлығы да жүлде тұғырынан көрінді.
    Ляззат Жусупова мен Нұржайна Жаннетова қарсыластарынан басым
    түсіп, Азия чемпионы атанды. Ал Рустам Билялов,
    Азиза Ибраимова және Ерлан Нұрмағамбетов қола жүлдені иеленді.

    Осылайша, елордалық параспортшылар Азия чемпионатында екі алтын және үш қола медаль жеңіп алып,
    Қазақстан құрамасының тарихи жетістігіне сүбелі үлес қосты. Ұлттық құрама паракаратэден Азия
    чемпионатының жалпыкомандалық есебінде тұңғыш рет бірінші орынға көтерілді.

    Василий Левит әрбір жеңістің артында спортшының табандылығы мен тынымсыз еңбегі, күнделікті
    жаттығуы және бапкерлердің кәсіби жұмысы тұрғанын атап өтті. Оның айтуынша, елордалық
    параспортшылардың халықаралық аренадағы табыстары Астанада бейімделген спорттың қарқынды дамып
    келе жатқанын айқын көрсетеді.

    Бүгінде бейімделген спортты дамыту – елорданың спорт саласындағы маңызды бағыттарының бірі.
    Қалада жоғары жетістіктер спортымен айналысатын параспортшыларды даярлаумен қатар, ерекше
    қажеттіліктері бар азаматтардың дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысуына қажетті
    жағдай жасауға баса мән берілуде.

    Кездесу соңында Василий Левит спортшылар мен олардың бапкерлеріне алдағы жарыстарда сәттілік
    тілеп, жаңа жеңістер мен биік белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.