[bvi]
Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит
Сербияның Нови-Сад қаласында өткен парапул атудан Әлем кубогында сәтті өнер көрсеткен елордалық
спортшылармен кездесті.






Кездесу барысында Басқарма басшысы Василий Левит команданы халықаралық жарыстағы нәтижесімен
құттықтап, әлемдік аренада Қазақстанның намысын абыроймен қорғағаны үшін спортшыларға алғыс
білдірді. Сондай-ақ Әлем кубогының қорытындылары шығарылып, алдағы лицензиялық әлем
чемпионатына дайындық мәселелері талқыланды.
Қыркүйек айында команда Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтетін парапул атудан әлем чемпионатына
қатысады. Жарыс барысында LA 2028 Паралимпиада ойындарына шамамен 24 лицензия
сарапқа салынады. Алдағы дода спортшылар үшін осы маусымдағы маңызды жарыстардың бірі болмақ.
Василий Левит спортшыларға өз күштеріне сенімділік, сәттілік және жоғары нәтиже тіледі. Сондай-ақ
олардың Қазақстанның намысын лайықты қорғап, алға қойған мақсаттарына жететініне сенім білдірді.
Кездесу соңында спортшыларға Алғыс хаттар табысталды.