[bvi]
Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында өтіп жатқан Changwon 2026 WSPS World Championships
пара оқ атудан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық сайыста
қола жүлдеге ие болды.




Қазақстан командасы R1 – 10 метр қашықтыққа пневматикалық винтовкадан ату дисциплинасында
1854,4 ұпай жинап, жарыстың қола жүлдегері атанды. Команда құрамында Астана
қаласының спортшысы Ардақ Оторбаев сәтті өнер көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
Айта кетейік, тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара оқ атудан әлем
чемпионаты 10–15 қыркүйек аралығында өтуде. Байрақты бәсекеге 53 елден 350-ге жуық спортшы
қатысып жатыр.
Аталмыш жарыста ел намысын Астана қаласының атынан Севда Алиева, Айгерім Тулегенова,
Никита Ермаков, Айсұлу Мұқашбекова, Александр Пасхалиди және Ардақ Оторбаев қорғайды.