Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  •  Версия сайта для слабовидящих
    Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора
    ДУБАЙДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ V ПАРА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ РЕСМИ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

    10 желтоқсан күні Дубай қаласында (БАӘ) тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті зақымданған жасөспірімдер арасындағы V пара Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шеруде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пара пауэрлифтинг спортшысы Вазир Надыров абыроймен алып шықты.

    «Халықаралық жарыста Қазақстанның көк байрағын алып шығу – мен үшін үлкен мәртебе. Бұл – маған артылған сенім әрі үлкен жауапкершілік. Осы сенімді ақтау үшін жарыста бар күшімді жұмсаймын», – деді Вазир Надыров.

    🔹 Биылғы жарысқа әлемнің 45 елінен 12–23 жас аралығындағы 1300-ден астам спортшы қатысуда.
    Астана қаласының атынан Қазақстан құрамасының сапында 5 спорт түрінен 7 спортшы өнер көрсетеді:

    Пара жүзу – Тұрғанбеков Али, Қалиева Аделя
    Пара пауэрлифтинг – Надыров Вазир, Рахатұлы Қуаныш
    Пара үстел теннисі – Ержанқызы Алтынай
    Бочча – Ерхат Алмат
    Жеңіл атлетика – Ордабай Дастан

    Жас спортшылар ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелер көрсетуге ниетті!