Дубайда 2025 жылғы Азия жасөспірімдер Пара ойындары ресми түрде басталды. Бұл – Азия құрлығындағы жас пара-спортшыларға арналған ең ірі халықаралық жарыстардың бірі.
Айтулы бәсекеде пара пауэрлифтингтен Қуаныш Рахатұлы мен Вазир Надыров қола медаль еншіледі.. Қуаныш 54 кг салмақ дәрежесінде 107 кг нәтижемен сынға түсіп, үздік үштікке енді. Ал Вазир 59 кг салмақ дәрежесінде 115 кг нәтижемен қола медальға қол жеткізді.
Қазақстан құрамасы бұл ойындарға 9 спорт түрінен 60-тан астам спортшымен қатысуда. Ел намысын қорғайтын спортшылар қатарында елордалық Тұрғанбеков Али, Қалиева Аделя, Ержанқызы Алтынай, Рахатұлы Қуаныш, Надыров Вазир және Алмат Ерхат бар.
Құттықтаймыз!
