V пара Азия ойындарында пара үстел теннисінен жекелей сында Алтынай Ержанқызы қола медаль иеленді.
🔹 Айтулы додада пара үстел теннисінен 20 елден 100-ге жуық спортшы бақ сынады. Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Алтынай Ержанқызы жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетіп, ел қоржынына жүлде салды. Сонымен қатар, аралас жұптық сында Алтынай Ержанқызы мен Атырау облысының спортшысы Әли Махулбековпен өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды.
Құттықтаймыз!
