Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  •  Версия сайта для слабовидящих
    Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора
    NAMYS СПОРТ СЫЙЛЫҒЫ: АСТАНАНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ 🏆

    Бейбітшілік және келісім сарайында өткен салтанатты іс-шарада 2025 жылғы спорт саласындағы негізгі бағыттарды қамтитын 14 номинация бойынша Namys спорт сыйлығы табысталды.
    Шараның құрметті қонақтары ретінде Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев, ҚР туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірхан қатысты.
    Елорданың үздік спортшылары әртүрлі номинациялар бойынша марапатталды. Соның ішінде «Елорда» спорт клубы бірнеше номинация бойынша жеңімпаз атанды!
    2025 жыл – «Елорда» спорт клубы үшін биік белестер мен жарқын жетістіктерге толы жыл болды. Осы кезеңде спорт клубымыз еліміздің параспорт картасында өз орнын айқындап, беделін нығайтты. Сол жетістіктің дәлелі ретінде клубымыз «Жылдың үздік спорттық ұйымы» номинациясының жеңімпазы атанды!
    Бұл номинацияның артында «Елорда» спорт клубының тұрақты дамуына үлес қосып келе жатқан спортшыларымыз, ата-аналарымыз, жаттықтырушыларымыз, жүргізушілер бен әріптестеріміздің қажырлы еңбегі мен жүйелі командалық жұмыстын арқасында деп санаймыз.
    Сонымен қатар, ағымдағы жылы клуб республикалық және халықаралық жарыстарда 587 медаль еншіледі. Сондай-ақ, ҚР VII Пара Спартакиадасында 17 спорт түрінен жалпы командалық есепте жеңімпаз атандық!
    Үздік спортшыларымыз да жеке номинациялармен марапатталды:
    «Жыл серпіні» – Әли Тұрғанбеков
    Желтоқсан айында Біріккен Араб Әмірлігінде өткен жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындарында пара жүзуден сынға түсіп, 1 алтын, 3 күміс медаль иеленді.
    «Үздік параспортшы» – Никита Ермаков
    Ол қыркүйек айында пара қол күрестен өткен әлем чемпионатында топ жарды. Сондай-ақ пара оқ ату бойынша қазан айында Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Әлем кубогында қола медаль иеленді.
    «Паралимпиадалық спорттың үздік жаттықтырушысы» – Михаил Бурчалин
    Ол параспортшылар Никита Ермаков пен Париж Паралимпиадасының қатысушысы Севда Алиеваны дайындайды. Пара оқ ату спорт түрінен Астана қаласының қарқынды дамуына үлес қосып келеді.
    Құрметті спортшылар, әріптестер! Сіздерді жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – тек бастама, алдағы уақытта бұдан да биік марапаттар мен жеңістер сіздерді күтеді. Осындай жетістіктер – біздің ортақ жеңісіміз! Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасына, спортшыларымыздың, жаттықтырушыларымыздың және мамандардың жұмыстарын бағалағанына алғысымыз шексіз.