2026 жылғы 5–8 наурыз аралығында Қарағанды қаласында тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында пара таеквондодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған жарысқа еліміздің 16 өңірінен 80-ге жуық спортшы қатысты. Астана қаласының намысын 4 спортшы қорғап, жоғары нәтиже көрсетті:
Далиев Сиязбек – 1 орын (К41 санаты, 70 кг)
Омарова Толғанай – 1 орын (P33 санаты, пумсэ)
Фасхутдинова Эвилина – 1 орын (P35 санаты, пумсэ)
Астана қаласының спортшылары жарыста 3 алтын медаль жеңіп алып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
