2026 жылғы 10-13 наурыз аралығында Паралимпиадалық жаттығу орталығында волейболды отырып ойнаудан жаттықтырушы Башенеев Азамат Әділбекұлын еске алуға арналған ардагерлер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының өтті.
Жарысқа Астана қаласы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының командалары қатысты.
Жеңімпаздар:
1 -орын Ақтөбе облысы
2 — орын Маңғыстау облысы
3 -орын Астана қаласы
Айта кетейік, Азамат Әділбекұлы 2019–2023 жылдары «Елорда» спорт клубында волейболды отырып ойнау спорт түрінен жаттықтырушы болып қызмет атқарып, көптеген спортшылардың жетістікке жетуіне үлес қосты.
Бұл чемпионат – білікті жаттықтырушының еңбегін құрметпен еске алып, оның спорттағы ізін жалғастыруға арналған.