Елордада мекеме қызметкерлері арасында, «Ата салтым- асыл қазынам» атты Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті
Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара барысында әр мекеме ұжымы «Қызғалдақ», «Бәйшешек» сынды өз атауларымен топ құрып, қазақ халқының бай салт-дәстүрлерін сахналық көріністер арқылы кеңінен насихаттады. Көрермендер ұлттық болмысымызды айшықтайтын әдет-ғұрыптарды тамашалап, ерекше әсер алды.
Сонымен қатар, мерекелік бағдарлама аясында ұлттық спорт түрлері де назардан тыс қалмады. Қатысушылар Армрестлинг, Арқан тарту, Тоғызқұмалақ сияқты ойындарда бақ сынап, өз шеберліктерін көрсетті. Жарыс барысында қызметкерлер тек кәсіби салада ғана емес, спортта да белсенді әрі мықты екендіктерін дәлелдеді.
Әсіресе, қол күрес сайысында ер азаматтармен қатар нәзік жандылардың да белсенділік танытуы көпшіліктің көңілінен шықты. Бұл өз кезегінде ұжымдағы бірлік пен теңдіктің жарқын көрінісіне айналды.
Осындай мазмұнды шаралар ұлттық дәстүрімізді жаңғыртып, ұжымдық рухты нығайтып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Наурыз мейрамы құтты болсын! 🌷
