28 наурыз күні Астана қаласында мүмкіндігі шектеулі балалар, жастар және ересектер арасында пара каратэ және сурдо каратэден қала чемпионаты өтті. Аталған жарысқа 5 жастан 45 жасқа дейінгі барлығы 50 спортшы қатысып, ката бағдарламасы бойынша өзара бақ сынады.
«Пара және сурдо каратэнің танымалдығы өте жоғары. Спортшылар саны бойынша Астана қаласы республикада көш бастап тұр. Сонымен қатар, 2023 жылы елордада алғаш рет пара каратэден инклюзивті әлем чемпионаты өтіп, бұл спорттың қарқынды дамуына серпін берді», — деді Пара каратэ федерациясының президенті Мейрамгүл Дукуева.
Балалар арасындағы нәтижелер:
🥇 Алтын — 8
🥈 Күміс — 2
🥉 Қола — 2
Ересектер арасындағы нәтижелер:
🥇 Алтын — 10
🥈 Күміс — 4
🥉 Қола — 3
Айта кетейік, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар сәуір айында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.



