Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  •  Версия сайта для слабовидящих
    Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора
    Елордалық сурдо шахматшылар Әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті!

    Рокетас-де-Мар (Испания) қаласында 6-15 мамыр аралығында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында шахматтан Әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 30 елден 120 спортшы бақ сынады.

    Қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

    Жарыс қорытындысы бойынша:
    🏅 Қожахметов Сұлтан — рапидте жекелей сында күміс медаль иегері , классикадан командалық есепте қола жүлдегері атанды.

    🏅 Усманов Диас — юниорлар арасында классикадан күміс, рапидтен қола медаль жеңіп алды.

    🏅 Ерлер құрамасы командалық рапидте күміс жүлдеге ие болды.

    👏 Сонымен қатар Муратова Алия жеке рапид бойынша әлемнің үздік ондығына енді.