Талдықорған қаласында 2026 жылғы 29 наурыз — 4 сәуір аралығында тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру және зияткерлік ерекшеліктері бар ересек спортшылар арасында пара жүзуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.
Аталған додаға еліміздің 17 өңірінен 150-ден астам спортшы сынға түсті.
Елорда құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, нәтижесінде:
🥇 78 алтын
🥈 56 күміс
🥉 20 қола медаль еншіледі
Командалық есептің қорытындысы толық медальдар есебі бойынша алдағы 2–3 күнде жарияланады.





