2026 жылдың 4–15 сәуірі аралығында Бішкек қаласында шахматтан тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге 4 елден 30-ға жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Аталған додада елордалық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстан мерейін үстем етті.
🥇 Майкенов Бакытжан
— Классикадан 1 орын
— Рапидтен 1 орын
— Блицтен 1 орын
🥈🥉 Камбарова Айғаным
— Рапидтен 2 орын
— Блицтен 2 орын
— Классикадан 3 орын





