Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  •  Версия сайта для слабовидящих
    Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора
    Елордалық спортшылар пара садақ атудан ҚР Кубогының II кезеңінде жүлделі орындарға ие болды 🏹🥇🥈🥉

    2026 жылдың 12–18 сәуірі аралығында Түркістан қаласында пара садақ атудан Қазақстан Республикасы Кубогының II кезеңі өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеге Астана, Алматы, Жетісу облысы, Павлодар, Батыс Қазақстан облысы және Шымкент қалаларынан келген 6 команда құрамында 50-ге жуық спортшы қатысты.

    Аталған жарыста Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді.

    Жарыс қорытындысы бойынша:

    🥈 2 орын – классикалық садақ атудан, аралас командалық сайыста:
    Елена Волошина
    Габдулла Туймебаев

    🥉 3 орын – классикалық садақ атудан, командалық ерлер сайысы (олимпиадалық айналым):
    Габдулла Туймебаев
    Ильдар Айтняков

    🥈 2 орын – блокты садақ атудан, командалық әйелдер сайысы:
    Баян Ибраева
    Сабина Хасенова

    🥈 2 орын – аралас командалық сайыс, блокты садақ атудан:
    Бердихан Тырныхан
    Баян Ибраева

    🥉 3 орын – олимпиадалық айналым:
    Баян Ибраева

    🥇 1 орын – жасөспірімдер арасында іріктеу кезеңі:
    Ерболат Ералы