12-19 сәуір аралығында Алматы облысында пара оқ атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Ел біріншілігіне 11 өңірден 80-ге жуық спортшы қатысып, мергендік пен шеберлікті сынға салды.
Елордалық мергендер жарыс қорытындысы бойынша 18 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 9 алтын, 8 күміс және 1 қола жүлде бар.
Жекелей нәтижелер:
Айсұлу Мұқашбекова
🥇 P6 жаттығуы (пистолет, микс)
🥇 R11 жаттығуы (винтовка, микс)
🥈 P2 жаттығуы (пистолет)
Ардақ Отарбаев
🥇 R3 жаттығуы (винтовка)
🥇 R10 жаттығуы (винтовка, микс)
🥉 R1 жаттығуы (винтовка)
Айгерім Төлегенова
🥇 R10 жаттығуы (винтовка, микс)
🥈 R3 жаттығуы (винтовка)
🥈 R2 жаттығуы (винтовка)
Виктор Федюкин
🥇 R11 жаттығуы (винтовка, микс)
🥈 R4 жаттығуы (винтовка)
🥈 R5 жаттығуы (винтовка)
Севда Алиева
🥇 P2 жаттығуы (пистолет)
🥈 P6 жаттығуы (пистолет, микс)
Александр Пасхалиди
🥇 P1 жаттығуы (пистолет)
🥈 P6 жаттығуы (пистолет, микс)
Никита Ермаков
🥇 P6 жаттығуы (пистолет, микс)
🥈 P1 жаттығуы (пистолет)
Жарыс қорытындысы бойынша спортшыларымыз жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 🥇-орынды иеленді.




