2026 жылғы 6–20 сәуір аралығында Алматы қаласында пара дзюдодан Астана қаласында өтетін Гран При алдындағы оқу-жаттығу жиынының алғашқы кезеңі өтуде.
Аталған жиынға спорт клубымыздың атынан Арыстанбеков Бауыржан және Нұрдәулетов Асылан қатысып, арнайы сүйемелдеушілермен бірге дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Спортшыларымыз алдағы додаға тыңғылықты дайындалуда.

