2026 жылғы 16–21 маусым аралығында Индонезияның Бали қаласында WKF нұсқасы бойынша пара каратэден V Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге Азияның 7 елінен келген үздік спортшылар қатысып, құрлықтың ең мықты пара каратэшілері анықталды.
Қазақстан ұлттық құрамасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жалпыкомандалық есепте І орынды иеленді. Отандастарымыз 2 алтын және 3 қола медаль жеңіп алып, ел намысын абыроймен қорғады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
🥇 Ләззат Жүсіпова – Азия чемпионы
🥇 Нұржайна Жаннетова – Азия чемпионы
🥉 Рустам Билялов – қола жүлдегер
🥉 Азиза Ибраимова – қола жүлдегер
🥉 Ерлан Нұрмағамбетов – қола жүлдегер
Құрама команданы дайындаған бапкерлер:
* Мейрамгүл Дукуева
* Тойжан Алшынова
Бұл жетістік – спортшылар мен бапкерлердің табанды еңбегі мен жүйелі дайындықтарының жарқын нәтижесі.
Жобаның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» АҚ, ал серіктесі – SportQory спортты қолдау қоры.
Қазақстан құрамасының бұл жеңісі елімізде пара каратэ мен жалпы пара спорттың қарқынды дамып келе жатқанын және отандық спортшылардың халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне көрсеткен қаржылық қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз.







