Қазақстанның пара-каратэден ұлттық құрамасының Азия чемпионатына дайындығы бірнеше кезеңде өтіп, оқу-жаттығу жиындарын, техникалық, тактикалық және дене дайындығын жетілдіруді, сондай-ақ спортшылармен психологиялық жұмысты қамтыды.
Жаттықтырушылар құрамы әрбір спортшыға оның мүгедектік санаты мен ката бағдарламасындағы өнер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, жеке көзқарас танытты. Оқу-жаттығу жиындары барысында спортшылар күн сайын жарыс бағдарламаларын пысықтап, төзімділігін арттырып, техникалық тәсілдерді орындау жылдамдығы мен қимылдарының дәлдігін жетілдірді. Дайындық деңгейін маусымның басты додасы қарсаңында бағалауға мүмкіндік берген бақылау жаттығулары тұрақты түрде өткізілді.
Қазақстанның пара-каратэден ұлттық құрамасы Азия чемпионатына дайындық барысында көрсеткен жан-жақты қолдауы үшін бас серіктес – «Самұрық-Қазына» АҚ-на және серіктес – «Sport Qory» корпоративтік қорына шынайы алғысын білдіреді.
Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында оқу-жаттығу жиындарын сапалы өткізуге, спортшыларды жан-жақты дайындауға және олардың халықаралық жарыстарға табысты қатысуына қажетті жағдайлар жасалды. Бұл қолдау Қазақстандағы пара-каратэнің дамуына серпін беріп, спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, оларды жоғары нәтижелерге жетуге ынталандырады.
Сенімдеріңіз, ынтымақтастықтарыңыз және отандық спортты дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз. Бірлесе отырып, жаңа жеңістерге жетіп, Қазақстанның абыройын халықаралық аренада асқақтатамыз.
.





