Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  •  Версия сайта для слабовидящих
    Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора
    Пара-каратэшілердің Азия чемпионатына техникалық-тактикалық дайындығы

    Техникалық-тактикалық дайындық Азия чемпионаты қарсаңында пара-каратэшілерді даярлаудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Оның басты мақсаты – ката орындауда жоғары дәлдікке, қимылдардың толық үйлесімділігіне, орындау мәнерлілігіне және спортшылар арасындағы өзара түсіністіктің жоғары деңгейіне қол жеткізу.

    Дайындықтың негізгі міндеттері:
    * ката орындау техникасын жетілдіру;
    * қимылдардың, ырғақ пен қарқынның толық сәйкестігін қамтамасыз ету;
    * тұрыстардың тұрақтылығын және орын ауыстырудың дұрыстығын арттыру;
    * тыныс алуды, шоғырлануды және кимэді жетілдіру;
    * үйлесімділік пен серіктесті сезіну қабілетін дамыту;
    * бункай орындауға дайындау.

    Қолданылатын құралдар:
    * жарыстық катаны бірнеше рет қайталап орындау;
    * жекелеген техникалық элементтерді пысықтау;
    * айна алдында және бейнежазба арқылы жаттығып, кейіннен талдау жүргізу;
    * қимылдар мен бұрылыстардың үйлесімділігін жаттықтыру;
    * бункайды жарыс қарқынында орындау;
    * жарыс жағдайына барынша жақын ортада модельдік жаттығулар өткізу.

    Тактикалық дайындыққа мыналар кіреді:
    * төрешілердің талаптары мен қарсыластардың деңгейін ескере отырып, оңтайлы катаны таңдау;
    * орындау барысында күш-қуатты ұтымды бөлу;
    * татамиге шығар алдындағы эмоционалдық жағдайды басқару;
    * орындаудың бірыңғай ырғағы мен қарқынын сақтау;
    * жарыс алаңының түрлі жағдайларына бейімделу.

    Апталық микроциклдің үлгісі:
    * Дүйсенбі – ката техникасы, тұрыстар мен орын ауыстыруларды пысықтау.
    * Сейсенбі – орындау үйлесімділігі, кимэ мен жылдамдықты дамыту.
    * Сәрсенбі – бункай және арнайы дене дайындығы.
    * Бейсенбі – катаны толық жарыс режимінде орындау.
    * Жұма – бақылау көрсетілімдері және бейнеталдау.
    * Сенбі – қалпына келтіру жаттығулары, созылу және психологиялық дайындық.
    * Жексенбі – демалыс және қалпына келу.

    Жарыс алдындағы кезеңде (Азия чемпионатына 7–10 күн қалғанда) жаттығу жүктемесінің көлемі біртіндеп азайтылып, ката орындаудың қарқындылығы жоғары деңгейде сақталады. Негізгі назар орындау сапасына, қимылдардың үйлесімділігіне, мәнерлілікке, техниканың тұрақтылығына және психологиялық дайындыққа аударылады. Мұндай тәсіл спортшыларға жарысқа оңтайлы спорттық қалыпта келіп, ең жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

    Пара-каратэні дамытуға қосқан қолдауы мен үлесі үшін «Самұрық-Қазына» қорына және Sport Qory ұйымына шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңыздың арқасында спортшыларымыз халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, шеберліктерін шыңдап, жоғары жетістіктерге жетуде. Ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз және алдағы уақытта да табысты серіктестіктің, жаңа бірлескен жобалардың және жарқын спорттық жеңістердің жалғасын табарына сенімдіміз.