Менің қызым Жаннетова Нуржайна Аманжоловна бала кезінен интелектуалды ауытқуы бар екінші топ мүгедегі.

Қызым 2022 ж бастап паралимпиадалық орталыққа барады. Сол жерде өте көп спорт түріне барып өзін сынап көрді. Осындай диагнозымен көп балалардың тілін таба бермейді. Паракаратэ апайымыз жолығып басында келіспеушіліктер болғанымен, кейін тілін тауып қызым жақсы жағына өзгере бастады. Әр-түрлі жарыстарға қатысып , әр түрлі іс шараларға қатысып қызым өз ортасын тапқандай болды. Жаттықтырушысы Алшынова Тойжан Таңатарқызы Виртус арқылы құжаттарын өзі жөндеп жүгіріп халықтаралық жарыстарға шығарамын деп мақсатын қойғанын айтты. Мен өте қатты қуандым. Виртустан да өттік ең бірінші жарысымыз Малайзиядағы Азия Чемпионатынан күміс жүлдемен оралды . Қуанышымызда шек жоқ . Өзім көрмеген елдерді қызым еңбегінің , жаттықтырушының арқасында ерекшелігіне қарамай көріп жатқанына қуанып көзіме жас алып қалдым. Қызым Қазақстанның бірнеше дүркін Чемпионы.
Жаттықтырушымыз Тойжан Таңатарқызы әлеуметтік жағынан отбасымыздың жағдайы нашар болғанына қарамай қолынан келгенше көмегін аямай келеді. Адамгершілігі өте жрғары аяғына аяқ киімін, үстіндегі спорт киімдерін, қолындағы телефонына дейін алып беріп көмегін беріп отырады. Үйімізге келіп уайымдап жағдайымызды сұрап кетеді. Қызымның да жақсы жаққа өзгергенін қатты байқаймын. Спорт бізге дұрыс орта, бағыт бағдар беруде. Ешқашан шағымын айтпаған. Тойжан Таңатарқызы қыстың кезінде жер үйлеріңіз суық қой деп үйіне де алып кетеді . Нұржайна ауырып қалса жаттығудан қалып қояды деп. Соншама жылдан бері бір отбасы сияқты араласып кеттік. Қытай Ханчжоу да Азия Чемпионатында алтын алып келді тынбай жаттықтырушымен бірге еңбек етті .
Қызым Нұржайна спорт шеберіне үміткер. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері болса екен. Индонезиядағы Бали қаласында v Азия Чемпионатында алтын жүлдеге ие болды. Қызымның Нұржайнаның еңбегінің арқасы, Тойжан Таңатарқызының сенімінің.жетелеуінің арқасы. Біз Тойжан Таңатарқызының жұмысына өте жоғары баға береміз , ата-ана ретінде өте ризамыз . Біздің ерекше балалардың тілін тауып , ортаға қосып, ірі-ірі халықаралық жарыста жоғары нәтижеге жетуіне тынбай еңбектеніп жатыр. Еңбегі жоғары бағаланып , абыройы асқақтай берсін деген ниеттеміз.
Қаржылай қолдау мен көмек көрсеткені үшін.«Самрук-Қазына» АҚ бас серіктесіне және «Sport Qory» корпоративтік қоры серіктесіне қазақстандық спортшылардың ірі халықаралық жарыстарда ел намысын лайықты қорғауына мүмкіндік беретін қолдаулары үшін алғыс білдіреміз.
Бұл көмек отандық спорттың дамуына ықпал етеді және жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.