[bvi]




2026 жылғы 31 мамыр мен 6 маусым аралығында Ақтөбе қаласында тірек-қимыл аппараты зақымдалған және интеллектуалдық ерекшелігі бар спортшылар арасында пара үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Ел біріншілігіне Қазақстанның 18 өңірінен 200-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Астана қаласының атынан тірек-қимыл аппараты зақымдалған және интеллектуалдық ерекшелігі бар 21 спортшы қатысып, жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
🥇 🥇 🥇 Степанова Александра – жекелей, жұптық және аралас жұп сайысында 1 орын.
🥇 🥉 Байгабулов Ерлан – аралас жұптықта 1 орын, жекелей сында 3 орын.
🥇 🥈 🥈 Айдарханова Сауле – аралас жұптықта 1 орын, жекелей және жұптық сында 2 орын.
🥈 🥈 🥈 Алиева Жанна – жекелей, жұптық және аралас жұптар сайысында 2 орын.
🥇 🥈 🥉 Ержанқызы Алтынай – жекелей сында 1 орын, жұптық сайыста 2 орын, аралас жұптықта 3 орын.
🥉 Корх Ольга – жекелей сында 3 орын.
🥇 🥈 🥈 Гильфанов Ринат – жекелей сында 1 орын, жұптық және аралас жұптықта 2 орын.
🥉 Сартаев Джаныбек – жекелей сында 3 орын.
🥉 🥉 Кайдасова Гульмира – жекелей және жұптық сайыста 3 орын.
🥇 🥈 Таш Балзия – жекелей сында 1 орын, аралас жұптықта 2 орын.
🥈 Кальпебаев Руслан – жұптық сайыста 2 орын.
🥈 Жақыпбек Райымбек – аралас жұптар сайысында 2 орын.
🥇 🥈 🥈 Рогова Антонина – жекелей сында 1 орын, жұптық және аралас жұптар сайысында 2 орын.
🥉 🥈 Сигарев Станислав – жекелей сында 3 орын, аралас жұптықта 2 орын.
Спортшыларымызды жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз!