[bvi]




Астана қаласында ерік-жігерді, зейінді және стратегиялық ойлауды ұштастырған ерекше жарыс — «Infinite Chess Cup 2026» инклюзивті шахмат турнирі сәтті аяқталды.
Турнирге тірек-қимыл аппараты, көру және есту қабілеті зақымдалған шахматшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Байрақты бәсекеде 50-ге жуық спортшы бақ сынады.
Спорт клубымыздың спортшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді:
🥇 Асқарұлы Райымбек — 1 орын
🥈 Кожахметов Сұлтан — 2 орын
🥉 Абданбеков Арман — 3 орын
Сондай-ақ спортшыларымыз жақсы ойын өрнегін көрсетті:
Оспанов Камалидин — 6 орын
Ахметов Бақтияр — 7 орын
Шаимов Алмас — 10 орын
Арнайы номинациялар бойынша:
🏆 Токубаева Майраш — «Ең тәжірибелі қатысушы»
🏆 Ермишкина Любовь — «Турнир үміті»
Айта кетейік, жарыс қорытындылары халықаралық FIDE рейтингіне есептеліп, тартысты әрі әділ бәсекеде өтті.