[bvi]
4–11 маусым аралығында Қырғызстанның Ыстықкөл қаласында пара қол күресінен Азия чемпионаты өтті.
Байрақты бәсекеге Азияның 21 елінен 400-ге жуық спортшы қатысып, құрлықтың үздіктері анықталды.




Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсеткен Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже
көрсетіп, ел қоржынына алтын және күміс медальдар салды.
🥇🥇 Ербол Ескенов (65 кг) – сол қол дисциплинасы бойынша І орын,
оң қол дисциплинасы бойынша І орын;
🥇🥇 Бекзат Буркитов (+65 кг) – сол қол дисциплинасы бойынша І орын,
оң қол дисциплинасы бойынша І орын;
🥇 Есенгелді Макенай (80 кг) – оң қол дисциплинасы бойынша І орын;
🥇🥇 Асхат Кабулов (80 кг) – сол қол дисциплинасы бойынша І орын,
оң қол дисциплинасы бойынша І орын;
🥇🥈 Насыр Махамбетов (90 кг) – сол қол дисциплинасы бойынша І орын,
оң қол дисциплинасы бойынша ІІ орын;
🥇🥈 Нұрлан Балтабай (70 кг) – сол қол дисциплинасы бойынша І орын,
оң қол дисциплинасы бойынша ІІ орын;
🥇🥈 Сергей Антропов (75 кг) – сол қол дисциплинасы бойынша І орын,
оң қол дисциплинасы бойынша ІІ орын;
🥈🥈 Арыслан Абдеханов (55 кг, жастар санаты) – сол қол дисциплинасы бойынша
ІІ орын, оң қол дисциплинасы бойынша ІІ орын.
Жаттықтырушы Заир Ахмедовтың айтуынша, спортшылар жарысқа тыңғылықты дайындалып, жоғары
жауапкершілік танытты. Нәтижесінде ұлттық құрама Азия чемпионатында табысты өнер көрсетіп,
жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Бұл жетістік спортшылардың табандылығы мен
жүйелі дайындықтың жемісі екенін атап өтті.
Спортшыларды жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!