[bvi]
2026 жылғы 20–27 маусым аралығында Талдықорған қаласында тірек-қимыл аппараты мен көру
қабілеті зақымданған, сондай-ақ зияткерлік даму ерекшеліктері бар жасөспірімдер мен жастар
арасында пара жүзуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.






Еліміздің 15 өңірінен 130-ға жуық ерекше балалар мен жас спортшылар қатысқан ел біріншілігінде
жүзушілер баттерфляй, брасс, шалқалап жүзу, еркін және кешенді жүзу түрлері бойынша әртүрлі
қашықтықтарда өзара мықтыны анықтады.
🏆 Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының құрамасы жалпыкомандалық есепте І орынды иеленіп,
ел чемпионы атанды.
Елордалық спортшылар үш санат бойынша жоғары нәтиже көрсетті:
Нәтижесінде Астана құрамасының қоржынына жалпы 74 алтын, 27 күміс және 2 қола медаль
түсіп, барлығы 103 жүлде енді.
Елорда құрамасын жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!