Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  • [bvi]
    Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    [bvi]
    Экран диктора
    🏆 ⚽️ Қазақстан құрамасы сурдо футзалдан Азия чемпионы атанды!

    2026 жылғы 26 маусым – 4 шілде аралығында Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен сурдо футзалдан
    Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы барлық кездесулерде жоғары ойын өрнегін көрсетіп,
    қарсыластарынан басым түсіп, Азия чемпионы атанды!

    Сурдо футзалдан Азия чемпионаты, Бішкек

    Сурдо футзал, Қазақстан ұлттық құрамасы

    Азия чемпионаты, сурдо футзал ойыны

    Сурдо футзалдан Азия чемпиондары

    Құрлықтық біріншілікте Азияның 6 елінен келген үздік құрамалар бақ сынады. Қазақстан ұлттық
    құрамасының сапында «Елорда» спорт клубының спортшысы Төлеубаев Дәулет өнер
    көрсетіп, команданың тарихи жеңісіне өз үлесін қосты.

    Жеңістеріңіз көп болсын!