[bvi]
Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы 10–17 шілде аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында
өткен отырып ойнау волейболынан әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізіп, алғаш рет
әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды.





Жүлдеге апарар жолда қазақстандық спортшылар жеті кездесу өткізді. Топтық кезеңде Хорватия мен
Ирак құрамаларын жеңіп, Бразилия құрамасына есе жіберді. Плей-офф кезеңінде Польша және Руанда
құрамаларын сенімді түрде ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Финалға шығу үшін өткен кездесуде
Қазақстан құрамасы Иран құрамасына жол берді.
Қола медаль үшін өткен шешуші кездесуде қазақстандық волейболшылар Бразилия құрамасымен қайта
кездесіп, топтық кезеңдегі жеңілісінің есесін қайтарды. Тартысқа толы матч бес партияға созылып,
Қазақстан құрамасы 3:2 (21:25, 25:23, 25:22, 23:25, 15:10) есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленіп, халықаралық аренадағы
жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ұлттық құраманың сапында Астана қаласының намысын қорғаған спортшы Алмат Оспанов
та осы тарихи жетістікке өз үлесін қосып, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Пара волейболшылар құрамасын жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!