[bvi]
2026 жылғы 22–29 шілде аралығында Сербияның Нови-Сад қаласында тірек-қимыл аппараты
зақымдалған спортшылар арасында пара оқ атудан Әлем кубогы өтті.





Байрақты бәсекеде әлемнің 51 елінен 300-ге жуық спортшы бақ сынады. Қазақстан құрамасы сапында
17 спортшы 61 дисциплина бойынша ел намысын қорғады.
Жарыс қорытындысы бойынша елордалық спортшылар келесі нәтижелерге қол жеткізді:
🥇 Александр Пасхалиди
🥈 Ардақ Отарбаев
🥈 Айсұлу Мұқашбекова
🥈 Севда Алиева
🥉 Әйгерім Төлегенова
🥉 Айсұлу Мұқашбекова
🥉 Александр Пасхалиди
Пара оқ атудан жаттықтырушы Михаил Александровичтің айтуынша, жарыс өте жоғары деңгейде
ұйымдастырылып, финалдық кезеңге жолдама алу оңай болмаған.
«Әлемнің ең үздік спортшылары жиналған жарыста бәсекелестік өте жоғары болды. Финалға шығуға
үміткерлер көп болды, сондықтан әрбір ұпай шешуші рөл атқарды. Соған қарамастан,
спортшыларымыз өздерінің жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, табысты өнер көрсетті. Сонымен
қатар, Александр Пасхалиди Әлем кубогында өзінің алғашқы алтын медалін жеңіп алып, мансабындағы
маңызды жетістікке қол жеткізді», – деді жаттықтырушы.
Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!