Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  • [bvi]
    Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    [bvi]
    Экран диктора
    Астана құрамасы — IV Спартакиаданың жалпыкомандалық қола жүлдегері атанды! 🏆 🥉

    Төрт жылда бір рет өтетін есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан
    Республикасының IV Спартакиадасы өз мәресіне жетті. Астана қаласының құрамасы 8 спорт түрінен
    сынға түсіп, жалпыкомандалық есепте III орынға ие болды.

    IV Спартакиада, Астана құрамасы

    Спартакиада, жарыс сәті

    Елордалық спортшылар, дода

    IV Спартакиаданың жүлдегерлері

    Биылғы ауқымды додаға еліміздің 19 өңірінен 1500-ден астам спортшы қатысты.
    Олар спорттың 10 түрінен сынға түсіп, 274 медаль жиынтығын сарапқа салды.

    Жарыс барысында елордалық спортшылар жоғары шеберлік пен жеңіске деген жігер танытып, бірнеше
    спорт түрінен командалық есепте жүлделі орындарға қол жеткізді.

    Атап айтқанда, сурдо жүзу мен сурдо таеквондодан Астана құрамасы I орын иеленді.
    Сурдо шахмат пен сурдо футболдан II орынға тұрақтаса, сурдо үстел теннисінен
    III орын алды.

    Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының құрамасы 155 ұпай жинап,
    жалпыкомандалық есепте III орынға ие болып, Спартакиаданың қола жүлдегері атанды.

    Айта кетейік, елордалық спортшылар төрт жыл бұрын өткен алдыңғы Спартакиадада да жалпыкомандалық
    есепте қола жүлдеге ие болған еді. Осылайша Астана құрамасы екінші Спартакиада қатарынан үздік
    үштіктегі орнын сақтап қалды.