Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  • Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора
    ТАТАМИДЕГІ ТРИУМФ: ҚАЗАҚСТАН ПАРА ДЗЮДОШЫЛАРЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 11 ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ!

    13-15 мамыр аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жалғасқан пара дзюдодан жаһандық дода мәресіне жетті.

    IBSA Judo World Championships Astana бәсекесінің үшінші күнінде командалық сайыстан ерлер мен әйелдер арасында жүлделер сарапқа салынды.

    Қазақстанның әйелдер құрамасы айналмалы жүйе бойынша күресіп, қорытынды нәтиже бойынша топ жарды. Олар жарыс жолында Түркия, Үндістан және тартысты белдесуде Өзбекстаннан басым түсті. Тек бастапқы кезеңде ғана бір ұпаймен Бразилияға жол берді.

    Қазақстанның ерлер құрамасы да нағыз жігерге толы күрестің үлгісін көрсетті. Әр қарсыласпен соңғы секундқа дейін беріспей, қайсарлықтың арқасында жеңісті жұлып алды. Жігіттеріміз Моңғолия мен Грузияны жарыстан шығарса, финалда басты фаворит Бразилияны жеңіп кетті.

    Ал әлем чемпионатының жеке сайысы Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 5 қола жүлде еншілеп, жалпы есепте 4-орынға тұрақтады.

    Айта кетейік, үш күнге жалғасқан жарыста 38 елден 300-ден астам спортшы қатысты.