Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  • Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора
    VII СПАРТАКИАДА: ДОЙБЫ ЖӘНЕ ШАХМАТ ТУРНИРІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ!

    Қазақстан Республикасының VII Спартакиадасы аясында 3–8 маусым күндері Көкшетау қаласында дойбы және шахматтан жарыстар өз мәресіне жетті!
    Жалпы саны 91 спортшы қатысқан бұл бәсекеде:
    🔹 «100 шаршы» дойбыдан 15 команда құрамында 43 спортшы сынға түсті.
    Коханов Абелисхат 🥉-орын (ерлер арасында 2-тақта).

    🔹 Шахматтан жарысқа 84 спортшы қатысты.
    Тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында Астана қаласының құрама командасы командалық есепте 🥇-орынға ие болды.

    Жекелей нәтиже бойынша:
    Майкенов Бакытжан — 🥇-орын (ерлер, 1-тақта)
    Муканов Адильжан — 🥇-орын (ерлер, 2-тақта)
    Камбарова Айганым — 🥇-орын (әйелдер, 3-тақта)

    Барлық спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз!