22 мамыр мен 12 маусым аралығында Шымкент қаласында есту мүшесі зақымдалған спортшылар арасында 14–27 маусым күндері Италияда өтетін әлем чемпионатының алдында футзалдан оқу-жаттығу жиыны өтуде. Қазақстан намысын қорғау – бұл үлкен абырой, ал әлем алдында елдің байрағын желбірету – нағыз ерлік.