Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  • Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора
    ПАРА САДАҚ АТУДАН VII СПАРТАКИАДА ЖАРЫСЫ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ!

    Қазақстан Республикасының VII Спартакиадасы аясында 7-11 маусым аралығында Астана қаласында өткен пара садақ ату жарысы өз мәресіне жетті! Жарысқа еліміздің 7 өңірінен 60-қа жуық спортшы қатысып, мергендік пен шеберлік сынға түсті. Елорда намысын қорғауға Астана қаласының құрама командасынан 12 спортшы қатысты. Жалпыкомандалық есеп бойынша Астана қаласы жоғары нәтиже көрсетіп, 2-орынға ие болды! 🏆


    Жеке жарыс нәтижелері:

    🥇-орын – Нұрмашев Альжан (көру мүмкіндігі шектеулі санаты)
    🥇және🥈-орын – Жетпысбаева Гүлмира (көру мүмкіндігі шектеулі санаты)
    🥉-орын – Волошина Елена (классикалық садақ ату)

    Командалық жарыс нәтижелері:
    🥉-орын – аралас жұптар санаты: Аушамов Серікбай мен Волошина Елена
    🥉-орын – әйелдер командасы: Ибраева Баян мен Шаймағанбетова Гүлмира (блоктық садақ ату)

    Алдағы жарыстарда да жеңісті күндер көп болсын!