12-15 маусым күндері Районг қаласында өткен Азия чемпионаты өз мәресіне сәтті жетті! Көк туымызды арқалап барған Армия Мейржан су үстінде ерлік көрсетіп, ел қоржынына қос бірдей жүлде салды!🇰🇿
🥈-орын- 500 м (VL-2 классы)
🥉-орын- 200 м (VL-2 классы)
15 елден келген 100-ге жуық спортшы арасынан суырылып шыққан Мейржан — өз елінің намысын абыроймен қорғап, толқынды су бетінде жігері мен шеберлігін сынға салды.
Құттықтаймыз, Мейржан! Сенің жеңісің — болашақ чемпиондарға жол!