VII Спартакиада аясында пара пауэрлифтингтен 9–14 маусым аралығында Тараз қаласында өткен жарыс өз мәресіне жетті!
Жарысқа еліміздің 20 өңірінен 186 спортшы қатысты. Оның ішінде 152-сі тірек-қимыл аппараты бұзылғандар, 34-і көру қабілеті төмен спортшылар. Елорданың намысын 9 спортшы қорғады.
Жүлделі орынға ие болғандар:
Надыров Вазир – 🥇-орын (54 кг дейін)
Абильханов Данияр – 🥇-орын (көру бойынша, 125 кг дейін)
Рахатулы Куаныш – 🥉-орын (54 кг дейін)
Байлин Канат – 🥉 -орын (107 кг дейін)
Барша спортшыларымызды құттықтаймыз!