Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  • Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора
    ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР «ASTANA 2025 BOCCIA CHALLENGER» ЖАРЫСЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ!

    22–27 тамыз аралығында Астанада өткен «Astana 2025 World Boccia Challenger» халықаралық жарысы өз мәресіне жетті. Бес күнге жалғасқан додаға 12 елден 56 спортшы қатысып, BС1, BС2, BС3, BС4 санаттары бойынша жеке, жұптық және командалық сайыстарда бақ сынады.

    Жеке сайыс нәтижесінде Елорда атынан сынға түскен Итиана Шингисханова (BС2) чемпион атанса, Ерхат Алмат (BС1) күміс жүлдеге қол жеткізді.
    Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 3-орынды иеленді!

    «Бұл сайыс елімізде алғаш рет ұйымдастырылды. Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына рейтингтік ұпай беретін Challenger турнирі жоғары деңгейдегі бәсеке болып саналады. Осы орайда жүзден жүйрік шыққан барша жүлдегерлерді құттықтаймын. Бұл жарыс біздің ұлттық құрамамыз үшін үлкен сын болды. Нәтижесінде олар бар үмітімізді ақтады. Жеке сайыста жерлестеріміз 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль және аралас жұптық сайыста 1 алтын жүлдені еншіледі. Осы көрсеткіш арқылы параспортшыларымыз үлкен белесті бағындырды деп санаймын», – деді Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев.

    Мұндай ауқымдағы турнирдің өтуі елдің инклюзивті спорт пен халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадамы болды.
    Барша жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!