13–18 қыркүйек аралығында Болгарияның Албена қаласында пара қол күрестен әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 24 елден келген 547 спортшы күш сынасты.
Елорданың намысын қорғаған спортшылар жарыста жоғары нәтиже көрсетті:
🏆 Ескенов Ербол – 1-орын (сол қол), 1-орын (оң қол)
🏆 Ермаков Никита – 1-орын (оң қол), 3-орын (сол қол)
🏆 Буркитов Бекзат – 2-орын (сол қол), 3-орын (оң қол)
Пара қол күрестен жаттықтырушы Ахмедов Заирдың айтуынша, бұл әлем чемпионатында бәсекелестік жыл сайын арта түсуде.
«Чемпионат ойдағыдай өтті. Биыл 500-ден аса спортшы қатысып, бәсекелестік деңгейі ерекше жоғары болды. Біздің спортшылар бар күш-жігерін салып, өздерін лайықты көрсетті. Әсіресе, алғаш рет әлемдік аренаға шыққан Буркитов Бекзат сенімді өнер көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткізді», – деді ол.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!👏🏻