25 қазан мен 3 қараша аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өткен пара оқ атудан Әлем кубогында спорт клубымыздың спортшылары Севда Алиева мен Никита Ермаков үздік үштікке енді!
🔹 Олар P6 жаттығуы (пневматикалық тапаншамен аралас жұптық ату) бойынша қола жүлдені жеңіп алды. Шешуші сәтте Иран құрамасымен сынға түсіп, тартысты бәсекеде жеңіске жетіп, ел намысын лайықты қорғады.
🔹 Бұл беделді додаға 38 елден 202 спортшы қатысты.
Спортшыларымызды құттықтаймыз!
