2025 жылы 7–9 қараша аралығында Астана қаласында екінші рет 2025 IBSA JUDO ASIAN CHAMPIONSHIPS ASTANA додасы өтті. Араға екі жыл салып ұйымдастырылған айтулы доданың маңызы зор. Өйткені жарыс 2028 жылғы Лос-Анджелес Паралимпиадасына іріктеу кезеңінің бір бөлігі саналады. Биылғы додаға 9 елден 100-ден астам пара дзюдошы қатысты.
🔹 22 спортшымен сынға түскен Қазақстан құрамасы тамаша нәтиже көрсетті.
Айтулы додада ел намысын қорғаған астаналық пара дзюдошылар топ жарды. Астана қаласының қоржынында 2 алтын 1 қола:
Сонымен қатар, командалық ақтық сайыста еліміздің ерлер құрамасы Өзбекстан құрамасын 4:0 есебімен жеңіп, қоржынға тағы алтын еншіледі!
