Моңғолияда туған қандасымыз 18 жасында Қазақстанға көшіп келіп, 2015 жылы жаттықтырушының арнайы шақыртуымен спортқа бет бұрған. Өзінің жауынгерлік болмысы, еңбекқорлығы және спортқа ептілігінің арқасында жерлесіміз Қазақстанның пара дзюдодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, пара дзюдодан Әлем және пара Азия ойындарының чемпионы болып табылады.
Фильмді «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» тапсырысы бойынша DALA cinema компаниясы түсірді.
Спорттық фильм жақын арада телеарналардан көрсетілетін болады.
Фильмнің мақсаты – көрерменге мотивация беру арқылы жаңа биіктерді бағындыруға итермелеу, сонымен қатар бұқаралық спортты дамытуға үлес қосу.Фильм шынайы оқиға негізінде құрылған және картинада биік мақсатқа қол жеткізген басты кейіпкердің ерлігі әсерлі жеткізілген.
Басты кейіпкер шаршы алаңда ғана емес, өз санасындағы күресті жеңеді. Себебі кез-келген қиындыққа түскен адам өз ішіндегі күдіктерден арылмай алға жылжи алмайтынын көбіміз біле тұра ұмытып кетеміз. Сондықтан оның базардағы, үйіндегі оқиғаларына басты акцент жасалады.
Режиссёр: Д. Еркімбек
Продюсер: Ж. Тлеубергенов
Компания: «Dala Cinema» ЖШС