Биылғы 2023 жыл баршамызға спорт саласында жеңісті тұғыр, жұлдызды оңынан туған сәттерге толы болды. Республикалық та, халықаралық жарыстарда да жерлестеріміз әлемдік қауымдастық алдында ел абыройы мен мәртебесін арттырды.
Пара спортшыларымыз халықаралық жарыстарда, Паралимпиада, Азия Пара ойындарында ел намысы сыналатын маңызды додаларда жарқын жеңістерімен қуантып, әркез ел үмітін ақтап келеді. Мәселен, Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV Азия Пара ойындарынан елордалық спортшылар елге 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен оралды.
Мерекелік кеште спорт саласының үздік спортшылары, жаттықтырушылары мен спорт саласына сүбелі үлес қосқан тұлғаларға арнайы марапаттар табысталды.
✅Әйелдер арасында «үздік спортшы» номинациясы пара дзюдодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Ақмарал Науатбекке табысталды.
✅Ерлер арасында «үздік спортшы» номинациясын пара дзюдодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Ерғали Шамей иеленді.
✅Сонымен қатар, пара дзюдодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Дәурен Оразов жыл жаттықтырушысы атанды.
✅Іс – шара барысында «БЖСМ, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі» мекемесі «жылдың үздік мекемесі» атанды.