Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  • Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора
    XX-ШЫ ҚЫСҚЫ СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ: ЕЛОРДАЛЫҚ СҰЛТАН ҚОЖАХМЕТОВ КОМАНДАЛЫҚ ШАХМАТТАН ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

    XX-шы қысқы Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан ерлер құрама командасы классикалық шахматтан 10 ұпай жинап, қола медальға ие болды. Ал жарыстың алтын жүлдесін 12 ұпай жинаған Хорватияның спортшылары жеңді, күміс медаль 11 ұпай жинаған Польша командасына бұйырды.

    Ұлттық құрама сапында Астана қаласының спортшысы әрі команда капитаны Қожахметов Сұлтан ойнады.

    «Классикалық шахматтан жарыс қызу өтті, қарсыластарымыз осал болмады. Ойын барысында еліміздің спортшылары Италия, Германия және Сербия құрама командаларын жеңіп, Украина мен Польша командаларымен тең ойнап, тек Хорватия командасына есе жіберген болатын. Жарыстың нәтижесінде командамыз 7 турдан өтіп, он үш команда арасында үшінші орынға тұрақтады», – деді шахматтан аға жаттықтырушы Елдос Күзербаев.

    Айта кетсек, XX-шы қысқы Сурдлимпиада ойындары Түркияның Эрзурум қаласында 2-12 наурыз аралығында өтті.

    Жарысқа Қазақстан тарапынан 26 спортшы шахматтан, сноубордтан және шаңғы жарысынан қатысты.