Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  • Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора
    «ҮМІТ СӘУЛЕСІ»: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒАШҚЫ ҚЫСҚАМЕТРАЖДЫ СПОРТТЫҚ ДРАМА ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

    Елордадағы «Сарыарқа» сауда және ойын-сауық орталығының кинотеатрында Ұлттық кино орталығының қолдауымен Dala cinema компаниясы түсірген «Үміт сәулесі» фильмінің жабық көрсетілімі өтті.

    «Үміт сәулесі» фильмінің басты кейіпкері Астана қаласының пара спортшысы Ерғали Шамей. Монғалияда туған қандасымыз 18 жасында Қазақстанға көшіп келіп, 2015 жылы жаттықтырушының арнайы шақыртуымен спортқа бет бұрған. Өзінің жауынгерлік болмысы, еңбекқорлығы және спортқа ептілігінің арқасында жерлесіміз Қазақстанның пара дзюдодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, пара дзюдодан Әлем және пара Азия ойындарының чемпионы болып табылады.

    Айта кетелік, парадзюдодан әлем чемпионы Ерғали Шамейдің өміріне негізделген фильм биыл Францияда өтетін Паралимпиада ойындарының алдында ел спортшыларына қолдау көрсетіп, жетістіктеріне лайықты назар аударуға да септігін тигізеді.

    Фильмде басты кейіпкерді сомдау елімізге танымал актер Назар Шерханға бұйырыпты. Назарды рөлге бекітуге бірден-бір себеп кейіпкердің прототипіне сыртқы келбетінің қатты ұқсастығы дейді түсірілім тобы. Фильмде сонымен бірге Ерғалидің прототипі де эпизодтық рөлді сомдаған.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша алдағы уақытта шынайы оқиғаға құрылған фильмнің телеарнадан көрсетілуіне күш салынатын болады.

    Фильмді «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» тапсырысы бойынша DALA cinema компаниясы түсірді.