Написать нам заявку
  • Русский
  • Қазақ тілі
  • Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    inst
    Написать нам заявку
    Экран диктора
    СУРДО-ФУТЗАЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЕҢ ІРІ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ

    Бүгін Астанада 21 жасқа дейінгі есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында сурдо-футзалдан әлем чемпионаты басталды.

    Елорда төрінде алғаш рет 10 мемлекеттің қатысуымен сурдо- футзалдан ерлер арасында 21 жасқа дейінгі әлем чемпионатының алғашқы матчтары өтті.

    «Сурдо-футзалдан 21 жасқа дейінгілер арасында бірінші әлем чемпионаты 2022 жылы 8 елдің қатысумен Малайзияда өтіп, Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге ие болған еді. Міне сол жетістігімізді ескере келе, 2023 жылы келесі әлем чемпионатын біздің елде өткізуге шешім қабылдады. Бұл біз үшін тарих. Әрі 10 мемлекеттің болуы жоғары көрсеткіш. Бұйырса, осы жерде Ираннан кеткен есемізді қайтарсақ дейміз» — деді, сурдо-футбол және футзал федерациясының вице-президенті Қайрат Сейтбеков

    Бұл әлем чемпионатына ойыншыларды іріктеу ішкі біріншіліктің қорытындысв бойынша жүргізілген. Вице-президенттің айтуынша, қазіргі сәтте Астана, Алматы, Шымкент мегаполистері, Қарағанды облысы, СҚО-да бұл спорт түрі жақсы дамып келеді. Бұның бір нәтижесі — 2022 жылғы әлем чемпионатынан қарағанда құрама 50-60%-ға жаңарған.

    «Уақыт өткен сайын сурдо-футзал қарқынды дамып келеді. Оның бір мысалы — Астана төріне Тәжікстан, Украина, Бразилия, Таиланд, Оман секілді мемлекеттер бірінші рет бақ сынайды.

    Біз үшін басты қарсыластар Иран, Украина, Бразилия деп санаймын. Бірақ барлығына сыйластықпен және жауапкершілікпен қараймыз» — деп, ұлттық құраманың қақпашысы Нысан Құрбанов.

    Жерлестеріміз тұсау кесер матчында дебютант Тәжікстан құрамасымен жолығып, 36:1 есебімен тас-талқан қылып, жеңді. Бұл сурдо-футзалдан Қазақстанның ең ірі жеңісі ретінде тіркелді.

    Айта кетейік, 10 маусымға дейін жалғасатын бәсекеге Әзербайжан, Сауд Арабиясы, Иран, Тәжікстан, Украина, Өзбекстан, Бразилия, Таиланд, Оман, Қазақстан елдері қатысып жатыр.